Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді / Казахстан вошел в ТОП-10 стран с самым качественным школьным образованием
Жер бетіндегі ең ақылды 25 елдің тізімін Vouchercloud британдық порталы жасады. Дәстүрге айналған аталмыш тізімде азиялық және еуропалық елдер көш бастады.
Рейтингтің құрылуына әр елдегі Нобель сыйлығы лауреаттарының саны (тарихи интеллектіні бағамдау үшін), тұрғындардың білім саласындағы жетістігі, яғни ағымдағы орта IQ (шынайы интеллектіні бағамдау үшін) және білім сапасының деңгейлік (болашақ ұрпақтың интеллектісін анықтау үшін) көрсеткіштері негіз болды. Зерттеушілердің айтуынша, «айрықша дарынды халықты анықтау мақсатында мүмкін деген аймақтың барлығы қамтылған».
Негізінен Азия мен Еуропаның елдері енген рейтингті Жапония бастап тұр. Бұл елдің тізімнің ең басынан көрінуіне бағалаудың барлық үш талабы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуі себеп болды.
Ал Қазақстан 25 елдің арасында мектептегі білім беру сапасы жөнінен АҚШ, Израиль, Финляндия, Нидерланды елдерін басып озып, 9-шы орыннан көрінді. Британдық Vouchercloud порталында: «Қазақстан елі күткен нәтижеден де асып түсіп, әлемдегі балалары ең ақылды елдердің тізімінде тоғызыншы орынға шықты. Бұл жаңа интеллектуалдық күш болуы мүмкін бе? Атақтарың арта берсін, қазақтар!» деп көрсетілген.
Мәліметке ескертпе
Нобель сыйлығы бойынша деректер World Atlas-тан жиналса, IQ бойынша ғаламдық бағалау 2012 жылы өткізілген Lynn & Vanhanen әлеуметтік зерттеуінен, ал оқушылар бағасы (мектеп білімінің деңгейі) 2015 жылға арналған Our World in Data зерттеуінен алынды.
Жетістіктер қорытындысы стандартталған психометриялық тұрғыда орнықты халықаралық және аймақтық тесттерден алынып отыр. Оларға TIMSS, PIRLS, PISA, FIMS, FISS, SIMS, SISS, SRC, RLS, MLA, IAEP, SACMEQ, PASEC и LLECE кіреді. Елдерді барынша қамту мақсатында тесттер пәндер (математика, оқу, жаратылыстану) және деңгей (бастауыш және орта білім) бойынша келісіліп, бөлінді. Бұл деректер жиынтығы 1965-2015 жылдар аралығындағы 163 ел мен аймақты қамтиды.
Список 25 самых умных стран на планете традиционно составил британский портал Vouchercloud. По данным рейтинга лидирующие позиции получили азиатские и европейские государства.
В основу составления рейтинга легли такие показатели, как количество лауреатов Нобелевской премии в каждой стране (для представления исторического интеллекта), успехи населения в учёбе, т.е. текущего среднего IQ (для представления настоящего интеллекта) и уровень образования (для определения интеллекта будущего поколения). По словам исследователей, «были охвачены все возможные области, чтобы найти наиболее одаренное население».
Рейтинг, в который попали в основном страны Азии и Европы, возглавляет Япония. Оказаться на вершине списка государству позволили высокие показатели по всем трём критериям оценки.
США получили четвёртое место в рейтинге, хотя такому результату страна обязана в первую очередь впечатляющему числу лауреатов нобелевской премии. Их за всю историю США было аж 368 человек.
Казахстан же занял 9 место среди 25 стран по уровню школьного образования, обогнав США, Израиль, Финляндию, Нидерланды.
В Vouchercloud отметили: «Россия представляет Европу на шестом месте, в то время как ее соседний Казахстан, доселе известный только Боратом и аннексированный Советским Союзом, превзошел ожидания оказавшись на девятом месте в списке стран с самыми умными детьми на планете. Может ли это быть новой интеллектуальной супермощью? Славьтесь, казахи!».
Примечания к данным
Данные по лауреатам Нобелевской премии были собраны из World Atlas, в то время как глобальные оценки IQ были получены из социологического исследования Lynn&Vanhanen, проведенного в 2012 году, а оценки школьников (уровень школьного образования) получены из исследования Our World in Data за 2015 год.
Результаты достижения исходят от стандартизированных психометрически устойчивых международных и региональных тестов. В целях максимального охвата по странам, тесты были согласованы и объединены по предметам (математика, чтение, естествознание) и по уровням (начальное и среднее образование). Этот набор данных охватывает 163 страны и регионы за 1965–2015 гг. Глобально сопоставимые результаты достижений были построены путем объединения стандартизированных, психометрически устойчивых международных и региональных тестов, включая TIMSS, PIRLS, PISA, FIMS, FISS, SIMS, SISS, SRC, RLS, MLA, IAEP, SACMEQ, PASEC и LLECE.
Просмотров: 171
Комментарии