Меню KDT
МЕНЮ

Новости

1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады - БҒМ / Смысл внедрения нулевого класса пояснили в Минобразовании РК


АСТАНА. ҚазАқпарат - 0-сыныптың мәні мен мақсаты - балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым. Басты мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігінің (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу. 0-сынып үшін бірыңғай бағдарлама мен оқулықтарды енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бүгінде 0-сынып - балабақшадағы даярлық тобы. «Егер де мектептің өз ғимаратында 0-ші сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгізу құқығынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ. Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы Білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі», - делінген министрлік хабарламасында. 2019 жылы, яғни былтырғыдай 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. «Егер де бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектігін ескеруіміз қажет»,- дейді министрлік өкілдері.

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Смысл внедрения предшкольного (нулевого) класса очень прост разъяснили в департаменте дошкольного и среднего образования МОН РК. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу министерства образования.
«Его цель - подготовить детей к первому классу по единой программе. А именно, перенос части учебной программы (цифры, алфавит) в предшкольный, так называемый нулевой класс, из программы первого класса и внедрение единых учебников, подготовка воспитателей и доведение их уровня до учителей начального класса», - говорится в сообщении. Внедрение единой программы и учебников для нулевых классов планируется в сентябре 2020 года. Нулевой класс - это подготовительная группа в детском саду. Если школы имеют возможность организовать нулевой класс в своем здании, у них есть на это право. Право вводить нулевой класс в детских садах никто не отменял. Таким образом, нулевые классы откроются по всей стране в детских садах и школах в 2020 году. Однако, в действующем законе об образовании есть норма, обязывающая детей 6-летнего возраста идти в первый класс. Эта норма закона будет изменена. В 2019 году, как и в прошлом году дети, которым на 1 сентября исполнилось полных шесть лет могут идти в первый класс. Дети, которым к 1 сентября не исполнилось 6 лет, по желанию родителей, могут идти в школу, либо остаться в детском саду. 7-летние дети также принимаются в первый класс. Но надо учесть, если дети уже прошли предшкольную подготовку в детских садах, они не смогут ее пройти повторно и должны пойти в школу.

Источник: https://www.inform.kz/ru/smysl-vnedreniya-nulevogo-klassa-poyasnili-v-mon-rk_a3499693
https://www.inform.kz/kz/1-kyrkuyekte-6-zhaska-tolmagan-balalar-mektepke-bara-alady-bgm_a3499683



Просмотров: 206

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор школы - Якушева Анастасия Евгеньевна

Послание Президента народу Казахстана

Государственные символы

Күнделік

Опрос

Статистика

  • За месяц148
  • За неделю27
  • Вчера2
  • Сегодня2
  • Онлайн:0



Полезные ссылки