КГУ "Средняя школа №44"
Қазақстанның барлық қалаларында инклюзивті сыныптар ашылады / Инклюзивные кабинеты откроют во всех городах Казахстана до конца года
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы «Болашақ» корпоративті қоры мен «Nur Otan» партиясы Қазақстан бойынша 20 инклюзивті сынып ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл бастама «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының бірінші бағытын жүзеге асыру аясында ұсынылған. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде инклюзивті білім беру үлгісімен қамту жұмыстары жүруде. Әзірге «Болашақ» корпоративті қоры Қазақстанның 9 қаласында инклюзивті сыныптар ашқан. Осылайша, аутизмі мен өзге де менталды ауытқушылықтары бар 248 бала өз қатарластарымен бірге мектепке бару мүмкіндігін алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлем елдері секілді Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар саны көбейіп, 35 мыңнан асты. Яғни, әрбір 50 баланың біреуі аутизмге шалдыққан. «Баланың мектепке бара алуы өте маңызды. Алдағы уақытқа қойған мақсатымыз - Қазақстанның әрбір қаласында инклюзия кабинеттерін ашу. Қазіргі уақытта 9 қалада осындай сыныптарымыз бар, жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашуымыз керек», - деді «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динар Шәйжүнісова. Оның айтуынша, инклюзивті кабинеттер арқылы Батыс Қазақстан, Шымкент және Қызылорда облыстарында аутизмі бар балалар алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған. Айта кетейік, 2 сәуір - Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Бұл күн 2008 жылы Катар мемлекетінің бастамасымен бекітілген. Бұл бастаманың мақсаты - жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдардың қажеттілігіне назар аудару, олардың өмір сапасын жақсарту.НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ - В 2019 году Корпоративным фондом «Болашак» совместно с партией «Nur Otan» в рамках реализации первого направления проекта партии - «Кедергiсiз келешек - Будущее без барьеров» запланировано открытие 20 кабинетов поддержки инклюзии по всему Казахстану, передает корреспондент МИА «Казинформ».В настоящий момент уже ведется соответствующая работа по охвату данной инклюзивной моделью образования во всех регионах страны. На сегодняшний день Фондом открыты кабинеты поддержки инклюзии (КПИ) в 9 городах Казахстана. За время реализации проекта 248 детей с аутизмом и другими ментальными нарушениями получили возможность ходить в школу со своими сверстниками каждый день. Согласно статистике ВОЗ в Казахстане, как и во всем мире, растет количество детей с аутизмом, которых насчитывается более 35 тысяч, что составляет по статистике 1 на 50. «Очень важно, чтобы у детей была возможность ходить в школу. Цель, которую мы ставим себе на ближайший год - это открытие подобных кабинетов поддержки инклюзии в каждом городе Казахстана. Сегодня мы присутствуем уже в 9 городах, и наша цель открыть еще 20 кабинетов поддержки инклюзии до конца года», - сказала директор корпоративного Фонда «Болашак» Динара Чайжунусова. Она отметила, что благодаря открытию инклюзивных кабинетов в Западно-Казахстанской области, Шымкенте и Кызылорде, дети с аутизмом впервые пошли в школу. Напомним, 2 апреля отмечается Всемирный день распространения информации об аутизме. Этот день был установлен резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН от 18 декабря 2007 года, в которой была выражена обеспокоенность высокой численностью детей, страдающих аутизмом.
Просмотров: 640
Комментарии
Директор школы - Якушева Анастасия Евгеньевна
Послание Президента народу Казахстана
Государственные символы
Күнделік
Опрос
Статистика
- За месяц159
- За неделю38
- Вчера2
- Сегодня13
- Онлайн:0